• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қазан, 2020

Шымкент гарнизонының сарбаздары үйлеріне қайтты

277 рет
көрсетілді

2019 жылдың күзінде шақырылған және белгіленген әскери қызмет мерзімін қызмет еткен 70 әскери қызметші үшін Шымкент гарнизонындағы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінде Жауынгерлік Тумен және жеке құраммен қоштасуға арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді шығарып салу-Жауынгерлік Тумен және бір жыл бойы қызмет еткен жеке құраммен қоштасу рәсімі. Болашақ запастағы әскерилерді бөлім командирі подполковник Нүркен Қарағұлов өзі қарсы алды.

"Сіздердің әрқайсыларыңыз кез келген уақытта Отанды қорғауға дайын болатын азамат болғандарыңызға сенімдімін. Мен үйлеріне қайтайын деп жатқан барлық сарбаздарға, олармен бірге бір жыл бойы болған барлық офицерлер мен сержанттарға алғысымды білдіргім келеді. Ата - аналарыңызға нағыз Отан қорғаушыларды тәрбиелегені үшін ризашылығымды білдіремін", - деп атап өтті подполковник Нүркен Қарағұлов.

Үлгілі әскери тәртіп, жауынгерлік даярлықта көрсеткен үздік нәтижелері үшін, үздік әскери қызметшілер алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды. Бірқатар әскери қызметшілер ерекше марапатқа – бөлімнің Жауынгерлік туы аясында жеке фотосуретке ие болды.

Салтанатты іс-шараның соңында запасқа шығарушылар алдында әскери бөлімнің жеке құрамы саптық плац алаңында салтанатты шерумен өтті.