Қазақстандықтар мемлекеттік нөмірді және автокөлік тіркеу куәлігін жеткізуге үйден тапсырыс бере алады. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz
"EGov.kz порталында қазақстандықтарға мемлекеттік тіркеу нөмірін (GRNZ) және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті (SRTS) жеткізуге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды. Ол үшін қажетті деректерді, тұрғылықты мекен-жайын көрсетіп, қызметке ақы төлеу жеткілікті. "Азаматтарға арналған үкімет" үйге мемлекеттік нөмір мен анықтама алып келеді", делінген хабарламада.
"Біз үшін ең бастысы, үйде отырған азамат көлік сатып алуға байланысты қызметтердің барлық пакетін ала алатын кезде, көлік құралын тіркеу процесін толық автоматтандыру маңызды болды. Егер бұған дейін қазақстандықтар арнайы қызмет орталығына кем дегенде екі рет келуге мәжбүр болса, бүгін тіркелу, қайта тіркелу, нөмір таңдауды, автокөлік тіркеуді, тіпті eGov.kz порталында онлайн нөмірі мен куәлікті жеткізуді ұйымдастыра аласыз", деп түсіндірді "ҰАТ" АҚ басшысы Әсет Тұрысов