• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 14 Қазан, 2020

Ресейлік дәрігерлер коронавирусқа қарсы жаңа дәрі шығарды

170 рет
көрсетілді

Ресейлік ғалымдар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдейтін жаңа дәрі шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Федералды медико-биологиялық агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Препарат вирус геномындағы ерекше бөліктерге әсер етеді және оның жасушаларда көбеюі бәсеңдейді.

"Бұл принциппен істейтін дәрілер - коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеудің тиімді құралы", деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Медикаменттер гендердің бірізді өзгеруіне әкеп соғады. Ведомствоның мәліметінше, дәрі адам ағзасына түскеннен кейін ешқандай кері әсері жоқ.