• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Технология 15 Қазан, 2020

Жер қатынастарына қатысты қызметтер цифрландырылады

167 рет
көрсетілді

Қазақстандағы жер қатынас­тарына байланысты тағы бес мем­лекеттік қызмет онлайн режімге ауыстырылды. Ен­ді «Мемлекеттік жер ка­дас­тры­нан ақпарат беру», «Жер учаскесінің кадастрлық (ба­ғал­ау) құнын анықтау», «МЖК ААЖ графикалық дере­гімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу», «Жер учас­кесіне актілер дайындау және беру», «Жер учас­кесі­нің сапалық жағдайы туралы ақпарат беру» сияқты мем­лекеттік қызметтер egov.kz элек­тронды үкімет порталы ар­қылы қолжетімді болады.

Қазіргі таңда барлық қажетті но­р­мативтік-құқықтық акті тиісті мем­лекеттік органдармен келісіліп, қызметтер egov.kz порталында тес­тілеуден өтіп жатыр. Нормативті акті­лер күшіне енгеннен кейін кез кел­ген азамат бұл қызметтерді онлайн түр­де сұрата алады.

«Азаматтарға арналған үкі­мет»­ мемлекеттік корпорациясы бас­­қар­ма төрайымының орынба­са­ры Мәди Садановтың айтуынша, жер қаты­настарына байланыс­ты қыз­меттерді алу қашанда қиын­дық­тарымен ерекшеленіп келген.

«Жер бойынша көрсетілетін қыз­меттердің көп бөлігі тек қағаз тү­рінде және қызмет алушының мем­лекеттік корпорацияның фронт-офисіне тікелей баруымен ғана ұсынылды. Цифрлық технологиялар дәуірінде тұрғылықты жерге байланып, қызметтің нәтижесін бірнеше күн, тіпті бірнеше апта күту, әрине, орынсыз. Сондықтан біз жер қатынастары саласында ең көп сұранысқа ие қызметтердің көрсетілу мерзімін қайта қарастырып, барынша азайттық. Сонымен қатар egov.kz порталы арқылы алу мүмкіндігі тұрғылықты жеріне қарамастан әлемнің кез келген жерінде отырып алуға жол ашады. Басты талап – электронды цифрлық қолтаңбаның болуы», деді М.Саданов.

Мәселен, егер бұрын МЖК ААЖ графикалық мәліметтерімен жобаланатын жер учаскесін келісу мерзімі 15 күнтізбелік күн болса, қазір ол 7 жұ­мыс күніне дейін, ал жеке сәй­кес­тендіру құжатын дайындау уақы­ты 6 жұмыс күнінен 4 күнге дейін қыс­қарды. Мемлекеттік жер кадас­трынан ақпарат беру мерзімі 3 жұмыс кү­нінен 15 минутқа дейін қысқарды. Бар­лық бес қызмет бойынша да солай.

Айта кетейік, жаңа қыз­мет­тер egov.kz порталының «Жылжымайтын мүлік» бөліміндегі «Жер қатынастары» тармағында қолжетімді болады. Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында бизнес-процестерді мүмкіндігінше цифрландыруды тап­сырған болатын.

Қоғаммен байланыс департа­ментінің бас маманы Жазира Оқу­баева­ның айтуынша, биыл 9 айда «Азаматтарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясының фронт-офистері арқылы жер учаскесіне 205 мыңнан астам акт, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анық­тау бойынша 17 мың қызмет, мем­лекеттік жер кадастрынан 4 мыңға жуық ақпарат, жердің сапасы туралы жарты мыңға жуық ақпарат берілді. Сондай-ақ шамамен 52 мың жер учаскесі келісілді.