• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 15 Қазан, 2020

COVID-19 адам өкпесін ісікке ұшыратады

634 рет
көрсетілді

Бұл туралы Иркутск клиникалық ауруханасының бас паталогоанатомы Людмила Гришина  "Россия 1" және "Россия 24" телеарналарына берген сұхбатында жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Әдетте, өкпе салмағы 350 грамм шамасында болады. Ал COVID-19 құрбандарында ол ұлғайған ісіктен 2 келіге дейін өседі екен.

"Осындай алапат ісіктің әсерінен микроциркуляция бұзылып, өкпе альвеолдарына қан ұялап қалады", дейді паталогоанатом.

Гришина вирус алдыңғы кезекте өкпеге залалын тигізеді, алайда оның ағзаның барлық мүшелеріне тигізетін кері әсері де зор. Бұлар пациентті өмірмен қоштастырады.

Бұрын Ресей Федерациясының Денсаулық министрі Михаил Мурашко КВИ-мен ауырған адамдардың өкпелері ғана емес, жүрек, қан-тамыр жүйесіне де зақым келетінін айтып, жазылып шыққандардың қайта қалыпты тіршілікке оралуы үшін оңалту (реабилитация) қажеттігін айтқан болатын.