Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин шараларына қатысты қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қаулыға сәйкес мынадай шаралар сақталады:
- Бұқаралық іс-шараларға тыйым салу сақталады; - Караоке, түнгі клубтар, кинотеатрлар, фудкорт және т. б. жұмыс істемейді; - Бизнесмендер қызметкерлердің 30 пайызын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек; - Жолаушылар ағынын азайту мақсатында қоғамдық көліктің барынша көп шығуын қамтамасыз ету қажет; - Аудан әкімдері мониторинг топтарының жұмысын жандандыруы тиіс; - Кіреберістер мен балалар алаңдарын аптасына бір рет дезинфекциялау.
Құжатпен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/documents/details/76982?lang=kk