• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Медицина 16 Қазан, 2020

Өлімнен кейінгі донорлық: Қанша қазақстандық келісім берді?

354 рет
көрсетілді

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 500-ге жуық адам eGov арқылы қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беру немесе бас тарту қызметін пайдаланғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

"Біз денсаулық кодексінің талаптарын автоматтандырдық, бұл әр адам өзінің органдарын донорлыққа пайдалануға келісім беру немесе бас тарту туралы мәлімдеуі керек дегенді білдіреді, біз адамның ешқайда кетпеуі, қағаз жазбауы үшін, ол электронды үкіметке басуы үшін автоматтандырдық. Келісім немесе бас тарту үшін бір батырма жеткілікті. Күні кеше ғана бұл қызмет енгізілді. Қазірдің өзінде 500-ге жуық өтінім берілді - 60 мақұлдау және 400 бас тарту. Біз адамдарға әдеттегі цифрлық формада заңнамалық мүмкіндік бердік", деді министр Сенаттағы үкімет сағатында.