• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 16 Қазан, 2020

Қазақстандағы шетелдіктер вирустан тегін ем-дом қабылдай алады

353 рет
көрсетілді

Қазақстандағы шетелдіктер вирустан тегін ем-дом қабылдай алады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-121/2020 бұйрығына сәйкес Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 қазанда № 21407 болып тіркелді.

Тегін медициналық көмекті Қазақстанда уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сонымен бірге  баспана іздеушілер айналасындағыларға қауіп төндіретіндіктен, тегім ем-дом қабылдай алады.

Шетелдіктерге тегін медициналық көмек алуға құқық беретін аурулардың жаңа тізбесі 23 тармақтан тұрады:

Дифтерия; Қызылша; Қызамық; Көкжөтел; Скарлатина; Желшешек; Эпидемиялық паротит; А, В, С паратифтері; Полиомиелит; Менингококк инфекциясы; Тырысқақ; Іш сүзегі;

Туберкулез (қақырық жағындысының туберкулез микобактериясының болуына екі рет конверсиясына қол жеткізгенге дейін бактерия бөлетін өкпе туберкулезі;

науқастың өміріне қауіп төндірмейтін жағдайға қол жеткізгенге және қақырық жағындысының туберкулез микобактериясының болуына екі рет конверсиясына қол жеткізгенге дейін туберкулездің жіті үдемелі түрлері (менингит, милиарлық туберкулез));

Күйдіргінің өкпелік түрі; Оба; Вирустық геморрагиялық қызбалар; Сары қызба; А, Е вирустық гепатиттері; Безгек; Вирустың жаңа субтипінен туындаған адам тұмауы; Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС); Коронавирус инфекциясы.

Құжатпен толығырақ сілтемеге өтіп, танысуға болады: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021407