Алматыда пара алды деген күдікке ілінген мәйітхана директорының ұсталған сәті түскен видео пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Ол тергеу аяқталғанша екі айға тұтқындалды.
"Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Қалалық патологоанатомиялық бюро" ШЖҚ МКК директорын ұстады. Ол салынып жатқан қалалық паталогоанатомиялық бюроға медициналық жабдықтарды жеткізу бойынша қабылдау актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 14 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдігікке ілінді. Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", делінген хабарламада.