• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 17 Қазан, 2020

Назарбаев Университеті Қазақстанның еріктілер қозғалысын қолдайды

832 рет
көрсетілді

Назарбаев Университеті Қазақстанның еріктілер қозғалысын қолдап, студенттерге аударма дағдыларын үйретеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл университет пен Нұрсұлтан Назарбаев орталығы қол қойған ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында мүмкін болмақ. Құжатқа Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу мен Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының басқарма төрағасы Алтай Әбибуллаев қол қойды.

Жаңа әріптестік ұйымдарға Қазақстанның еріктілер қозғалысын қолдауға, сондай-ақ студенттерді аударма және ұйымдастыру дағдыларына үйретуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері тұрақты өтетін елорда жастары үшін өзекті.

Сонымен қатар, Назарбаев Университеті мен Нұрсұлтан Назарбаев орталығы конфессияаралық диалог саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді. Нәтижесінде бірлескен іс-шаралар өткізу, діни көшбасшылардың қатысуымен қонақ дәрістері мен сараптамалық кездесулер ұйымдастыру, діндердің, мәдениеттер мен өркениеттердің өзара іс-қимылы мәселелерін талқылау үшін диалогтық платформалар мен пікірталас алаңдарын ашу жоспарлануда.

Меморандум тараптарға өзара тиімді әріптестікті күшейтуге, конфессияаралық және этносаралық келісім, толеранттылық, үйлесім мен бейбітшіліктің қазақстандық бірегей моделін ілгерілету бойынша жобаларды ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.