2020 жылғы қазанның 12-16 күндері "UMC" корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында "3D-мен жоспарлай отырып, балалардың төменгі жағындағы туабітті және жүре пайда болған жетілмеушілікті емдеуде инновациялық технологияларды пайдалану" тақырыбында интерактивтік коммуникация құралдарын қолданып, білім беру шеберлік сағабы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Шараға Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің "Стоматология және жақ-бет хирургиясы орталық ғылыми зерттеу институтының" жақ-бет хирургиясы және стоматология бөлімінің ғылыми қызметкері Овчинников Игорь Александрович қатысуда.
Мұндай форматтағы шеберлік сабағы Қазақстанда алғаш рет өткізіліп жатыр. Ұзақ мерзімге арналған бұл жоба "UMC" корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының №2 балалар хирургиясы және транплантация бөлімінің жақ-бет хирургы, жоғары біліктілік санаттағы дәрігер Ся-Тун-Чин Руслан Владимировичтің жетекшілігімен өткізілуде.
Жобаға еліміздің өзге де жақ-бет хирургтары белсенді қатысуда. Олар: Айдосов Марат Рахымұлы, жоғары біліктілік санаттағы дәрігер ("Қарағанды медициналық университеті" АҚ Стоматология мектебі) және Нұрмаханов Серік Балташұлы, медицина ғылымдарының докторы (Алматы қаласы, ҚазҮБМУ), сондай-ақ, жас маман Ерімбетов Ержан Ермұратұлы (Ақтау қаласы, "Нейрон" медициналық орталығы).
Аталған шеберлік сабағы онлайн-вебинарлармен шектелмей, хирургтер мен ІТ технология мамандарының бірлескен жұмысы арқасында балаларға жоғары технологиялық медициналық көмекті де тікелей эфир арқылы көрсетуге болатынын дәлелдейді.