• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қазан, 2020

Ақмоладағы кен орнында жұмысшы мерт болды

214 рет
көрсетілді

"Қазақалтын" кенішінде 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

  Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға "Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты" АҚ Бестөбедегі кенішіндегі жаңа шахтада болған.   Қазанның 17-де өндірістік жұмыстар кезінде топырақ опырылып кетті. Салдарынан кәсіпорынның 1987 жылғы жұмысшысы топырақтың астында қалып қойған.   "Оқиға сағат 12:30 орын алды. Сол кезде "Қазақалтын" тау-кен металлургия комбинаты" АҚ құтқару отряды ер адамды топырақ үйіндісінің астынан алып шықты. Алайда, ол Степногор қалалық ауруханасында көз жұмды", дейді Степногор қалалық ТЖ басқармасының бастығы Еркебұлан Есенжолов.   Қазіргі кезде кеніш штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.