• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2020

Шымкентте әскери қызметшілер қорытынды тексеруді тапсыруда

381 рет
көрсетілді

Еліміздің оңтүстігінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері қорытынды тексеруді тапсырып жатыр. Оған лауазымы мен әскери атағына қарамастан бөлімнің барлық әскери қызметшілері қатысады. Сынақтарды әскерлер қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Асхат Сайлыбаевтың басшылығымен ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының комиссиясы қабылдауда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кестеге сәйкес әскери қызметшілер саптық, мемлекеттік-құқықтық, кәсіптік, арнайы, дене шынықтыру және атыс даярлықтары бойынша сынақтар тапсыруда. Сонымен қатар олар жалпы әскери жарғылар мен радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жөніндегі нормативтер туралы өз білімдерін көрсетеді.

Қорытынды тексеру саптық байқаудан басталды, оның барысында комиссия жеке құрамның сыртқы түрін және құжаттарын тексерді.

"Қорытынды тексерісте әскери қызметшілердің дайындығын бағалаудың басты критерийлері жоғары кәсібилік және өз мақсатына сәйкес қойылған міндеттерді орындауға дайын болу болып табылады. Әуе кеңістігін күзетіп, кез-келген климаттық жағдайда тәулік бойы әскери қызмет атқаратын әскери қызметшілер. Сондықтан олардың қорытынды тексерудегі бағалары "жақсы" ғана емес, "өте жақсыға" сәйкес келуі тиіс", - деп атап өтті әскери бөлім командирі полковник Орынбасар Жұбанов.

Тексеру қорытындыларды шығарумен аяқталады, онда әрбір бөлімше жеке құрамның дайындық деңгейіне сәйкес баға алады.