• RUB:
    5
  • USD:
    488.91
  • EUR:
    532.62
Басты сайтқа өту
Ауа райы 19 Қазан, 2020

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

265 рет
көрсетілді

"Қазгидромет" РМК 19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек шығыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Күндіз батыста, солтүстік-батыста циклон әсерінен жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Шығыста түнде көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Ақмола, күндіз Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Атырау, түнде және таңертең Қостанай облыстарының кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Алматы, Жамбыл облыстарының түнде кей жерлерде минус 1 градус суық болады.