• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2020

Полиция бөлімшесінде күдікті көз жұмды

423 рет
көрсетілді

Үржар аудандық Полиция бөлімінің Мақаншы өңірлік бөлімшесінде 33 жастағы ер адам қайтыс болды. Ол мал ұрлығына қатысы бар күдікті ретінде бөлімшеге жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев Мақаншы ауылыны барған.

"Мақаншы ауылының полиция бөлімшесінде 33 жастағы ер адамның қайтыс болғанын растаймын, ол мал ұрлығы бойынша күдікті ретінде полиция бөлімшесіне жеткізілген болатын. Менің басқаруыммен арнайы топ құрылды. Осы факті бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасы "Қинау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады", - дейді полиция полковнигі Сағат Мәдиев.

Сонымен қатар Полиция департаменті бастығының айтуынша, процессуалдық прокурорлардың тобы тағайындалды. Жақын туыстарының қатысуымен оқиға орнына қарау жүргізілді. Қажетті сараптамалар, оның ішінде паталогоанатомиялық зерттеулер өткізілді. Әзірге сараптама нәтижелері дайын емес.

"Қайтыс болған азаматтың отбасына Үржар ауданың әкімімен бірге барып, туыстары мен достарының уәждерін тыңдадым, оның барлығы қаралуда. Туыстары мен достарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Кінәлі адамдар заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылады. Менің ұстанымым – тергеудің әділ, әрі объективті жүргізілуі", - деді Сағат Мәдиев.

Қайғылы оқиғаға байланысты қосымша ақпараттар болса, назарымызда ұстайтын боламыз.