• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қазан, 2020

Фитосанитариялық сертификатты алу үшін қажетті құжаттар тізбесі қысқарды

328 рет
көрсетілді

Экспортқа ықпал ету мақсатында фитосанитариялық сертификатты алу үшін қажетті құжаттар тізбесі қысқарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Көрсетілетін қызметті алушының импорттаушы елдердің фитосанитариялық талаптарын қағаз тасығышта беру қажеттілігі алынып тасталды, бұл деректер өтінімді толтыру кезінде мәліметтер нысанында толтырылады.

Бұдан басқа, карантиндік сертификаты беру мерзімі 3 күннен 1 күнге;

фитосаритариялық сертификаты беру мерзімі 5 күннен 3 күнге қысқарды. тез бұзылатын өнімге 3 жұмыс сағаты ішінде карантиндік және фитосанитариялық сертификатты алудың оңайлатылған тәртібі қарастырылды.

Республика аумағындағы тұрақты карантиндік фитосанитариялық ахуалдың арқасында отандық өсімдік шаруашылығы өнімін өткізудің басым нарығына жеткізуге шектеулер жоқ.

Қытайдың Бас кеден басқармасымен фитосанитариялық карантиндік талаптар бойынша 10 хаттамаға қол қойылды. Қытай Халық Республикасы Тізіліміне өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіретін және өңдейтін 486 отандық кәсіпорын енгізілді.

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін қадағалау жүйесін және Россельхознадзордың ақпараттық жүйесімен интеграцияны дамыту жұмысы жүргізілуде.