• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 21 Қазан, 2020

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының сайлауы 10 қаңтарда өтеді

427 рет
көрсетілді

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеуінде айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Алдағы сайлау конс­ти­туциялық мер­зімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаң­тарында өтеді. Барлық саяси партия­лардың бұл сайлау науқанына қаты­суға дайындалуына, сайлау алдындағы плат­формасын әзірлеуіне, партиялық инфра­құ­рылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды. Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заң­дылығын, ашықтығын жә­не әділдігін сақтау үшін тұ­рақ­ты бақылау жүргізіп отырады. Жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппар­тия­лықты дамыту және елі­міз­дің қоғамдық-саяси өміріне аза­маттардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабыл­данды", делінген Президент үндеуінде.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеуі жарияланды.