• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Қазан, 2020

Алма-Арасан шатқалындағы өрт ауыздықталды

369 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 5:46-да  Алматы қаласындағы Алма-Арасан шатқалының тау бөктерінде өрт болған. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Кірме жолдардың болмауына байланысты жасақ жаяу жүрген. Таудың бас жағында 1,5 га алаңда қураған ағаштар мен шыршалар өртенген екен. Оқиға орнында солтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс жағында 3 өрт сөндіру учаскесі орналастырылды. Өрт "Ермак" аспалы жылжымалы өрт сөндіргішпен және қарапайым аспаптармен сөндірілді.

Қабылданған жедел шаралардың арқасында оңтүстік-шығыс және батыс жағында өрт сағат 08: 02-де, ал солтүстік жағында сағат 08:31-де өрт сөндірілді.

Өртті сөндіруге Алматы қаласы және Алматы облысы ТЖД, Іле-Алатау МҰТП, Қазавиаорманкүзетінен 71 қызметкер мен 16 бірлік техника жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта жекелеген өрт ошақтарын төгу және минералданған жолақтарды жасау жұмыстары жүргізілуде. Орман алқабы қорғалып жатыр.