Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының елшісі Лэ Юйчэнді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының елшісі Лэ Юйчэнді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Жүздесушілер Қазақстан–Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері, оның ішінде парламентаралық байланыстар туралы пікір алмасты.
ҚХР-мен тату көршілестік қатынастарды нығайту Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі болып табылады, деді Қ.Тоқаев. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы биылғы қыркүйек айында Астанада болған келіссөздердің барысында қол жеткізілген келісімдердің стратегиялық маңызы атап өтілді.