Кеше Қазалы аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары жедел профилактикалық шара барысында түнгі сағат 02:37 шамасында «Досқали» елді мекеніне қарай бағыт алып бара жатқан күдікті мотокөлікті байқайды.
Мотокөліктің ізіне түскен полицейлер күдікті көлік иесінің бос тұрған ғимараттың ішіне 20 қап күріш жинап жатқанының үстінен түседі. Тексере келгенде оның бұл күрішті аудандағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің егістік алқабынан ұрлағаны анықталды. Жедел түрде жүргізілген тексеру барысында бұл азаматтың дәл осы алқаптан 3 күн қатарынан барлығы 110 қап күрішті қолды қылғаны белгілі болды.
Қазіргі таңда күріш ұрлаған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.