• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2013

Патронаттар

400 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев кемтар балаларды қамқорына алған отбасында болып, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Мұндай отбасыларды билік өкілдері «патронаттар» деп жүр. Ал бұл сөз, негізінен, латын тіліндегі patronus, яғни орысша «покровитель», қазақша «қамқоршы» деген ұғымды білдіретінін де ескеріп қойған дұрыс болар.

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев кемтар балаларды қамқорына алған отбасында болып, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Мұндай отбасыларды билік өкілдері «патронаттар» деп жүр. Ал бұл сөз, негізінен, латын тіліндегі patronus, яғни орысша «покровитель», қазақша «қамқоршы» деген ұғымды білдіретінін де ескеріп қойған дұрыс болар.

Облыс басшысының аталмыш отбасына арнайы атбасын бұратынындай да бар, өйткені, жүрегі жылы Зүльфия Төленова бүгінде ана мейірімін қажет ететін 9 баланы бауырына басып, тәрбиеліп отыр. Олардың арасындағы мүмкіндігі шектеулі 3 баланы патронаттық тәрбиеге 2010 жылы, ал 4 баланы одан кейінгі жылы алыпты. Сондай-ақ, бұл отбасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тағы бір бейкүнә бүлдіршін аман-есен өсіп келеді. Зүльфия, шын мәнінде, жүрегі жылы, қолы кең ана. Өйткені, ондай жанға қай баланың да бөтендігі жоқ.

Биыл демеушілер Зүльфияның «балаларына» 180 шаршы метрлік жаңа үй салып берді. Оның ауласы да заман талабына сай абаттандырылған. Жыл басында су жаңа «Нексия» автокөлігіне де ие болғаны бар. Облыс әкімінің айтуынша, қазір облыста патронаттық отбасылар мен отбасылық типтегі балалар үйлеріне көмек көрсету бағдарламасы даярланып жатыр.

– Мемлекет көрсетіп жатқан көмектен бөлек, біз осындай патронаттық отбасылар мен отбасылық типтегі балалар үйле­рі­­не бюджеттен тыс қаражат арқы­лы тұрғын үй мәселелерін ше­шуге көмек береміз, – дейді Қанат Алдабергенұлы. – Қазіргі уақытта менің тапсырмам бо­йынша осындай отбасылар мен оларға керекті көмектің тізімі дайындалуда. Бірінші кезекте тұрғын үй мәселесін шешеміз. Егер осындай отбасында 6 балаға дейін тәрбиеленсе және олар қалада тұрса, олар үшін 4 бөлмелі пәтер сатылып алынады. Ал отбасында 6 баладан көп болса, жеке үй тұрғызып беріледі. Бұл шаралар тегін ұйымдастырылады және ол үйлерді 5 жылдан соң өз меншіктеріне рәсімдеп алуларына болады. Міне, біз жақын арада осындай 10 патронаттық отбасының мәселесін шешуді жос­парлап отырмыз.

Бүгінде облыстағы 94 пат­ро­наттық отбасында 130 бала қам­қорлыққа алынса, 2 мем­лекеттік балалар үйінде 271 жеткіншек тәрбиеленуде.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.

Соңғы жаңалықтар