• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қазан, 2020

Қостанайға алғашқы қар түсті

258 рет
көрсетілді

Бүгін Қостанай қаласына алғашқы қар түсті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазгидромет орталығының Қостанай облысындағы филиалы, 22 қазанда күн бұлтты, кей жерлерде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болатынын хабарлады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде ол 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -4...+1, облыстың солтүстігінде -7 градус, күндіз +1...+6 градус, облыстың оңтүстігінде +9 градусқа көтеріледі. Қостанай қаласында көшпелі бұлт шығып, күндіз қар жауады. Жел екпіні 18 м/с жетеді.