• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Парламент 22 Қазан, 2020

"Рухани жаңғыру" сарапшылары алдағы Парламент мәжілісі депутаттарын сайлауға байланысты пікір білдірді

453 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді, ал келесі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшылары ел болашағы үшін маңызды саналатын Парламент Мәжілісі депутаттарының алдағы сайлауының маңыздылығы туралы айтып берді.

"Рухани жаңғыру" Басқармасы Төрағасының орынбасары, саяси ғылымдар докторы Әсем Қайдарованың пікірінше, алдағы сайлау бұған дейінгілерден түбегейлі өзгеше болады.

"Мәжіліс депутаттарын сайлау елдегі азаматтық қоғамның белсенділігінің артуымен сәйкес келіп тұр. Бұл алдағы сайлау бұрынғыға қарағанда өзгеше болатынын көрсетеді. Қазақстандық қоғам да бұдан оң өзгерістерді күтеді. Жаңа үрдістер, жаңа бағыт, елдегі өзгерістер, жалпы осылардың барлығы сайып келгенде жаңа жарқын бастамаларға жол ашады", деді Әсем Қайдарова.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Үндеуінде осынау қиын-қыстау кезеңде Қазақстанның алдында үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті. Нақты айтқанда, дағдарысқа қарсы тиімді шараларды қабылдау, тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру және халықтың жағдайын жақсарту міндеттері тұрғанын айтты. Өз кезегінде, әлеуметтану ғылымдарының докторы, Талдау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы Ләззат Нұрқатова алдағы сайлау Қазақстанның деморкатизацияны берік ұстанатындығының дәлелі болып, саяси институттардың жаңғыратындығына сенімді.

"Мемлекет басшысы атап өткен "үш кит" – парламенттік оппозиция институты, әйелдер мен жастарға арналған партиялық тізімдердегі 30 пайыздық квота және партиялық тізімдер бойынша мәслихаттарға сайлау елдің саяси жүйесінің жаңаруын қамтамасыз етуі тиіс. Жаңа бастамалар партияларға өз позицияларын нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер береді деп есептеймін", дейді Ләззат Нұрқатова.

Сондай-ақ, 2021 жылғы сайлауға қатысты "Рухани жаңғыру" бағдарламасы Жобалар басқармасының басшысы, PhD докторы Думан Жампейісов те өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, саяси жаңғырту шаралары өзекті заманауи сын-қатерлерге дер кезінде жауап болып табылады.

"Парламент Мәжілісінің депутаттарын заңнаманың жаңа нормаларына сәйкес сайлау Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге ұмтылуының айқын көрсеткіші. Саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтық қоғамның белсенді араласуы қазіргі заманғы өзекті сын-қатерлердің алдын алады", деп атап өтті Думан Жампейісов.

"Рухани жаңғыру" ҚҚДИ Отбасы институтын зерттеу орталығының талдаушысы Әйгерім Әшімованың пікірінше, бүгінде бірінші кезекте еліміздегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды заңнамалық түрде сапалы еткен жөн.

"Бүгінде әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында еліміз дереу шешілуі тиіс бірқатар мәселелерге тап болып отыр. Алдағы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы демократиялық түрде өтіп, еліміздің саяси жүйесінің жаңаруын қамтамасыз етеді деп ойлаймын. Президент атап өткендей, біздің мемлекетіміздің басты миссиясы – Қазақстанның гүлденуі және әрбір азаматтың әл-ауқатының жақсаруы. Ол үшін әрқайсымыздың бойымызда патриотизм мен жауапкершілік жоғары деңгейде болуы тиіс", деп қорытындылады сөзін Әйгерім Әшімова.

Ал өз кезегінде "Жастар" ҒЗО директоры Аян Сакошев Мәжіліс пен мәслихаттарға лайықты адамдардың келгені маңызды екендігін айтты.

"Президент атап өткендей, алдағы сайлауда – елдегі саяси институттардың жаңғыруы арқылы мемлекетіміздің саяси жүйесі де жаңаруы тиіс. Бүгінде Қазақстан үшін Мәжіліс пен мәслихаттарға біліктілігі зор және мен тәжірибесі толысқан адамдардың келіп, халықтың мүддесін қорғауы маңызды", деді Сақошев.

Айта кетейік, алдағы Парламенттік сайлау 2004 жылдан бастап алғаш рет конституциялық мерзімде өтеді. 2007, 2012 және 2016 жылдардағы сайлаулар мерзімінен бұрын өткізілген.