• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 23 Қазан, 2020

Алғашқы операция MiFi көпполярлы аблациялық катетерімен жасалды

230 рет
көрсетілді

Апта басында Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жүрек ырғағының күрделі бұзылыстарын катетерлік емдеу бойынша екі күрделі операция жасалды. Алдағы уақытта мұндай оталар талай адамның өмірін ұзартатын болады.

Аталған институттағы сәтімен жа­сал­­ған операция инновациялық тех­нология­ларды пайдаланудағы шеберлік дәрі­сімен ұштастырылды.

Zero-Fluro технологияларын (флюроскопиясыз) пайдалана отырып, жүрек ырғағының күрделі бұзылысы кезінде катетерлік аблация жүргізу үшін MiFi инновациялық көпполярлы аблациялық катетері Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ тәжірибесінде тұңғыш рет қол­данылды. Операциялар сәтті өтті. Осы кате­терді қолдану арқылы тағы бірнеше күр­делі ота жасау жоспарланған.

Жас мамандар мен резиденттердің қатысуымен өткен шеберлік сағатында кли­никаның жүрек ырғағы және өткіз­гіштігінің бұзылысы бөлімшесінің мең­герушісі, еліміздің жетекші арит­мо­логтарының бірі Роин Реквава екі пациент­ке операция жасады. Нау­қастардың бірі 55 жастағы ер адам 5 жыл бұрын миокард инфарктіне шал­дыққан, 2 жыл бұрын жүрегіне шунттау жасалған. Па­циент­ті ентігу, әлсіздік, бас айналу, жүрек соғуы мазалап, ұдайы дәрі қа­был­дағанымен, көмегі шамалы болған. Екін­ші ота 42 жастағы әйел адамға жасалды.

Роин Роинович аритмогендік ошақ­тардың радиожиілікті аблациясы аритмияны емдеудің танымал әдістерінің қатарына жататынын атап өтті. Ол жүрек ырғағының бұзылысы жағдайындағы катетерлік аблация қауіпсіздігінің өзек­ті мәселелерінің бірі асқынулардың кү­шею қаупі болғандықтан, олардың дамуы көріністі қалыптастыру технологиясы, хирургтің тәжірибесі секілді бірнеше факторларға байланысты еке­нін айтты.

Аблацияны жүргізудің уақытын азайту және тінге әсер етудің нақтылығын қамтамасыз ету осы асқынулардың қаупін төмендете алады. Сондықтан ари­тмиялық ошақтардың нақты сәйкестенуі мен көрінуі маңызды. Осы ошақтардың сәй­кестенуінен кейін пациенттің аритмиядан арылуы үшін нақты аблация орындалуы мүмкін.

Осы технология рентген сәулелерінің пациенттің ағзасына әсер етуін мейлінше азайтуға, тіпті жоюына мүмкіндік береді.

Навигациялық жүйе көпполярлы катетерлердің көмегімен аблациялық катетер орналасқан жерді көрсетеді және катетермен нысаналы учаскеге қол жет­­кізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар аблация процедурасының өзін жеңілдетеді. Институтты ссындай MiFi технология­сы бар (IntellaTip MiFi) катетермен Boston Scientific компаниясы қамтамасыз етті. Ұшындағы микроэлектродтардағы сигналы оның орналасуын және әрекет ету саласын анықтауға мүмкіндік береді де, асқыну қаупін азайтады.

«Сондай-ақ микроэлектродтар әсер етудің нәтижелілігі туралы нақты ақ­парат­ты алуға мүмкіндік береді, осылайша аритмияны емдеудің тиімділігін арттырады және рецидивтердің жиілігін азайтады. IntellaTip MiFi пайдаланған кезде аблация процедурасының 100%-ға дейінгі жоғары тиімділігі байқалады», дейді Р.Реквава.

Институтта жылына 900-ден аса осын­дай операция жасалатынын атап өткен жөн. Радиожиілікті абляция жасау кезінде, одан кейін де өлім-жітім болған жоқ. КІАҒЗИ-да ота жасалған ең үлкен науқас 94 жаста болды.

 

АЛМАТЫ