• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Үкімет 23 Қазан, 2020

Электромобиль шығару жолға қойылады

470 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Ұлттық автомобиль павильонында болып, онда Қазақстанда шығару жоспарланған электр автомобильдерінің модельдерімен танысты, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстандық электрокарлар автоөнеркәсібінің жай-күйі мен даму перспективасы және «жасыл экономика» үшін автомобиль экологиялық хабын қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы «Қазақстандық автобизнес қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті А.Лаврентьев пен JAC Motors компаниясы бас директорының орынбасары Юй Ян, «Қазақстанның өнеркәсіп қоры» АҚ басқарма төрағасы Н.Байбазаров және «ӨКМ Опера­торы» ЖШС бас директоры М.Құ­мар­ғалиев баяндады.

2021 жылы Қазақстанда авто­бустарды қоса алғанда, түрлі үлгідегі 1200 бірлік электр көлігін шығару жоспарланған, 2022 жылы бұл көрсеткіш 2000 бірлікке дейін жеткізіледі. Бұл көліктер ішкі на­рыққа және шетелге экспортқа шы­ғарылатын болады.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қала­сында электромобильдерге арнал­ған 50-ден астам қуаттандыру стан­сасы жұмыс істейді. Бұл тізімді Ұлттық павильон аумағында ор­на­тылған арнайы аймақтар толық­тырды, олар бір мезгілде 25 элек­тро­мо­бильді қуаттандыруға мүмкіндік бе­реді. Үкімет басшысына JAC IEVS4 және JAC IEV7S электро­мо­биль­­дерінің модельдері, сондай-ақ то­лық өлшемді NIO ES6 және NIO ES8 крос­соверлерінің үлгісі көр­сетілді.

Іс-шараға Премьер-Министрдің орынбасары Р.Скляр, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов және т.б. қатысты.