Конституциялық сот түсік жасатуға тыйым салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Риа Новостиге сілтеме жасап.
Ресми мәліметтер бойынша, Польшада жыл сайын 2000-ға жуық түсік жасалады. Бірақ құқық қорғау ұйымдарының ақпараты бойынша, заңсыз немесе шетелде жасалатын түсік саны жылына 200 мыңға дейін жетеді.
"Бұл үкім жүктілікті тоқтатуға шешім қабылдаған әйелдерді өте ауыр жағдайға душар ететінін, олардың денсаулығына зиян келтіретінін білеміз. Адам құқықтарын қорғаумен айналысатын БҰҰ құрылымдары мұндай шешімдер адамгершілікке жатпайтынын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер нысаны деп шешті. Енді қазірдің өзінде өте осал жағдайдағы әйелдер одан да қиын жағдайға тап болады", - дейді репродуктивті құқықтар орталығының (Еуропа) аймақтық директоры Леа Хоктор.
Польшаның түсік түсіру туралы заңы Еуропадағы ең қатаң заңдардың бірі. Егер әйел зорлау немесе жұқтыру нәтижесінде жүкті болса немесе оның денсаулығына қауіп төнсе ғана түсік жасатуына болады.