• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 23 Қазан, 2020

25 қазан күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады

1631 рет
көрсетілді

25 қазанда елордада қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС хабарлады. 26 қазанда автобустар қайта өз жұмысын жалғастыратын болады.

Басқа күндері қоғамдық көлік әдеттегідей жұмыс істейді.

"Тұрғындарды санитарлық нормаларды сақтауға және автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынғанын ұмытпауға шақырамыз. Жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы ғана төлеуге болады", - деп атап өтті"City Transportation Systems" ЖШС-де.

Бұған дейін хабарланғандай, қоғамдық көлікті арнайы дезинфекциялық құралдармен өңдеу күн сайын жүргізіледі. Соңғы аялдама пункттерінде жүргізушілер өздері дезерітіндімен ылғалды тазалауды жүргізеді. Жолаушылар жиі ұстайтын тұтқаларға, турникеттерге және басқа элементтерге ерекше назар аударылады.

Бұдан басқа, көліктік бақылау және бақылау-желілік қызмет департаментінің қызметкерлері күн сайын көліктердегі жолаушылар мен қоғамдық көлік жүргізушілерінің бетперде режимін сақтауын тексереді. Автобустарда жол жүру төлемі тек қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.