"Қазгидромет" РМК 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Қазақстанның басым бөлігіне Финляндия аймақтарынан келетін ылғалды циклон әсер етеді. Жаңбырдың соңы қарға ұласады, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, республиканың солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. Сондай-ақ циклон аздаған жоғары температура алып келеді", - делінген хабарламада.