• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Президент 23 Қазан, 2020

Президент судьяларды іріктеуге қойылатын талаптарды күшейтуге шақырды

279 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі судьяларды іріктеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Кәсіби судьялар корпусы - барлық сот реформаларының шешуші факторы. Соңғы жылдары судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптар артып, іріктеудің заманауи құралдары енгізілді. Мықты заңгерлер, көрнекті ғалымдар және практик-заңгерлер енді судьялық жұмыс тәжірибесі жоқ судья бола алады. Менің ойымша, бұл жерде Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов үлкен рөл атқарды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев судьялардың VIII съезінде.

Президенттің пікірінше, сотқа экономика және құқық салаларының күрделі мәселелерін еркін түсінетін мамандарды тарту керек.

"Бұл уақыт талабы, мен бұл туралы Жолдауда айттым. Судьялардың абыройы мінсіз, ал кандидаттарды іріктеу процесі ашық әрі жария болуға тиіс. Көптеген дамыған елдерде судьяларға қойылатын талаптар өте жоғары, тіпті, болмашы теріс қылықтың өзі оның қызметтен бас тартуына себеп болуы мүмкін. Мұндай тәжірибе Қазақстанда да қолданылуы тиіс деп есептеймін. Судьяларды іріктеу және даярлау жөніндегі міндеттерді орындау судья кадрларының сапасына жауап беретін Жоғары Сот Кеңесіне жүктелген. Бұл өте маңызды жұмыс, оны сапалы орындау керек", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, онлайн режимде Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезі өтіп жатыр. Съезд жұмысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.