• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Елорда 23 Қазан, 2020

Аэропортта карантиннен қашқан мемлекеттік қызметші екені белгілі болды

174 рет
көрсетілді

Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтандағы ПТР тесттерді өткізу пунктінен қашқандардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мемлекеттік қызметшісі болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Әуежайдан ПТР тест анықтамасыз қашып кеткен Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны, ал кейін ұсталғандар және ПТР талдау тапсыру үшін карантиндік стационарға жеткізілгендер 30 АЕК (83 340 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Аталған тұлғалар Шарм-эль-Шейхтен келген жұбайлар болып табылады, олардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мемлекеттік қызметкері болып табылады", деді Байғабылов.

Еске сала кетейік, бүгін түнде, Египеттен ПТР тестілеу нәтижелері туралы анықтамасыз келген Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны карантиндеу үшін арнайы автобусқа отырғызу кезінде әуежайдан қашып кетті.