• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қазан, 2020

Байқоңырда полицейлер контрафактілік сағаттарды тәркіледі

311 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлері Байқоңыр қаласында 21 қазанда өткен рейдтік іс-шара барысында сауда орталықтарының бірінен контрафактілік сағаттарды  сатқан жергілікті тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Жедел уәкілдер лицензиялық келісім-шартсыз сауда жасаған тұрғыннан "ROLEX", "DANIEL WELLINGTON", "RADO", "Calvin Klein", "HUBLOT", "TISSOT", "APPLE", "BURBERRY" және "LONGINES" маркалы ерлердің қол сағаттарын тәркіледі.

Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198-бабы 3-бөлігінің 2 тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.