• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қазан, 2020

Инфекциялық госпиталь науқастарды қабылдауға дайын

293 рет
көрсетілді

Облыс орталығының шеткі аумағында  жаз айында құрылысы басталған  модульді инпекциялық аурухана  пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аурухана басшысы Арман Мұсабековтің  айтуынша, өте қысқа мерзім  заман талабына сай госпиталь салынды. Госпиталь барлық заманауи техникамен жабдықталды. Мұнда сапалы медициналық көмек көрсету үшін бәрі бар.

Ауруханада 200 адамға арналған, жансақтау бөлімі, кіші ота жасау бөлімі, ПТР-тестілеу зертханасы, экспресс зертхана, компьютерлік томография, рентгенографич, УЗИ, электрокардиография мен бронхоскопия бөлімдерінен тұрады.

Модульдік блоктарда жеке санитарлық торапты екі орындық палаталар  да бар. Қажетті техникалар мен жиһазбен толық жабдықталды.           

Мәселен, госпитальде жасанды өкпе желдеткіш 24 аппарат және әрбір адамға арналған оттегімен қамту жүйелері бар.

"Өкінішке қарай, пандемия бізге жаңа инфекциялық аурухананы салуға мәжбүр етті. Жаңа госпитальдің салынуы- кез келген жағдайға дайын болуымыз керек деген сөз", - деді  облыс әкімі  Әбілқайыр Сқақов.

Ал, жаңа аурахана енді  облыс  орталығындағы Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың бөлімшесі ретінде  қызмет атқарады.

Орталықта тәжірибелі 88 дәрігер, 240 орта және кіші санаттағы медқызметкерлер еңбек етуде. Облыстық, республикалық бюджеттен қаржыландырылыған бұл жобаның құны 7,3 млрд теңге. Індет  таралуы  азайған соң ортадлық облыстық аурухананың пульманологиялы бөлімшесі болады.

 

Павлодар облысы