• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қазан, 2020

Шекарашылар қара металды шығаруға жол бермеді

113 рет
көрсетілді

21 қазанда Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері "Бидайық" автомобиль өткізу пунктінде салмағы 20 тоннаға дейінгі қара металл сынығы жүгін Қазақстаннан әкетудің алдын алды. Жүк қиыршық тас астына жасырылған.

"Қара металл сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 22 қазандағы № 719 бірлескен бұйрыққа сәйкес оны ҚР-дан әкетуге тыйым салынған.

Айта кету керек, бұл өткізу пунктінде жүк астына жасырылған тарифтік емес реттеу тауарларына жататын тауарларды тасымалдау әрекетінің алғашқы фактісі емес.

ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері тыйым салынған тауарларды заңсыз әкетуге жол бермеу мақсатында өткізу пункттерінде бақылауды күшейтуге бағытталды.