• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қазан, 2020

Қазпошта халықтың алаяқтарға алданып қалмауын ескертеді

199 рет
көрсетілді

Қазпошта өкілдері желіде алаяқтық жағдайлар пайда болғанын мәлімдейді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Желіде алаяқтық жағдайлар пайда болды. Олар келесі схема бойынша жүзеге асырылады: өз тауарларын интернет арқылы сататын сатушыға төлем жасау үшін https://post.kz.obyiva.com сайтына сілтеме жібереді. Осы сілтеме бойынша оларға картаның деректемелерін толтыру және оны іске қосу ұсынылады, деректер расталғаннан кейін ақша сатушының шотынан автоматты түрде алынады.

ЕСКЕРТЕМІЗ! Қазпошта көрсетілген сайтқа қатысы жоқ және біз тауарларды онлайн сату-сатып алу кезінде барлығыңызды мұқият болуды сұраймыз!", дейд Қазпошта өкілдері.