Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы, премьер-министр Садыр Жапаров президент сайлауына қатысады. Бұл туралы Жапаров Кочкор ауданына жұмыс сапары барысында мәлімдеген еді, деп хабарлайды Egemen.kz
Ол желтоқсан айының басында президент сайлауына қатысу мақсатында мемлекет басшысының міндетін атқарушы лауазымынан кетеді.
"Мен басқалармен бірге сайлауға қатысамын. Егер халық мені таңдаса, Президент боламын, ал егер сайлауда жеңіске жетпесем, қатардағы азамат болып қала беремін", деді Садыр Жапаров.
Еске сала кетейік, Қырғызстанда президент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген.