• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қазан, 2020

Полицейлер Қазалы тұрғынынан қолдан жасалған қару алды

330 рет
көрсетілді

24 қазан күні түнгі уақытта Қызылорда облысы Полиця департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны жеке үйлердің бірінің алдында тұрған автокөлікте күдік тудыратын заттың бар екендігін хабарлаған.

Көрсетілген мекен - жайға полицейлер бірден барып, жедел тексеру нәтижесінде автокөліктің алдыңғы сол жақ есігінен және артқы орындықтың астынан қолдан жасалған қаруға ұқсас екі бөліктен тұратын, бір-біріне құрамдас бөліктерімен киілетін  зат алынды. Күдікті ұсталды.

Қазалы аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі 

Сәбит Арыновтың айтуынша қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 – бабының 3 – бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру  амалдары басталып,   қаруды заңсыз жасаумен айналысу және сақтау мақсаттары анықталуда.  Сараптамалар тағайындалды.