Баспасөз қызметі мамандарының біліктілігін арттыру, білімін шыңдау бағытында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы "Заманауи медиа және баспасөз қызметі" тақырыбында оқыту семинар курстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет ашқан семинар санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, 3 секция бойынша өткізілді. Оған қала, аудан әкімдіктерінің, облыстық басқармалар мен аймақтық департаменттердің 60-қа жуық баспасөз хатшылары, өзге де ұйымдар мен мекемелердің PR менеджерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
"Qyzylorda" телеарнасындағы "Үш таған" ақпараттық-сараптама бағдарламасының жүргізушісі, "Сорос" халықаралық қорының грант иегері Айнұр Тұңғышбаева, республикалық "Ұстаз мәртебесі" газеті мен "Әлімсақ" журналының бас редакторы Нұрлан Нұрмахан, "Социум-Қызылорда" қоғамдық қорының басшысы, әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы Ерлан Мұсаев шараға қатысушылармен тәжірибе бөлісіп, ақпаратты жылдам әрі сапалы беру бағытында бағалы кеңестер айтты.
Шара барысында фойеде "Сыр журналистикасының тарихы" тақырыбында көрме ұйымдастырылды.