Қырғызстанның экс президенті Алмазбек Атамбаев Бішкектегі 1-ші тергеу изоляторына ауыстырылды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Адвокат Замир Жоошевтің айтуынша, А. Атамбаев бұрын өлім жазасына кесілген сотталушылар жатқан жертөлеге орналастырылған.
"Бұл камераға бүгін ғана жылу қосылды. Бөлмеде кәріз жүйесі жұмыс істемейді, есіктер үнемі ашық. Алмазбек Атамбаев аштық жариялады", деді Замир Жоошев.