• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қазан, 2020

Балқашта кәсіпкер көпбалалы жесір әйелге пәтер сыйлады

244 рет
көрсетілді

Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбековтың өтініші бойынша жергіліті кәсіпкер «Қоңырат» ықшам ауданынан жесір әйел, Дарина Қағадееваға екі бөлмелі пәтерге алып берді. Бизнесмен сол шағын ауданда жылу магистралінің құрылысын жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz

Дарина Қағадеева әкіммен тікелей эфир кезінде өзінің ауыр жағдайы туралы айтып берді. Ораз Тәуірбеков жесірге көмектесуге дайын демеуші тапқан. Кілтті табыстау рәсімі көп балалы ана облыстық перзентханадан шыққан бетте ұйымдастырылды. Әйелдің босануы қиын өтті.

Даринаның қызы бір апта бойы өмір үшін күресіп, жансақтау бөлімінде жатты. Отбасында жарқын күндер басталғанының белгісі ретінде нәрестеге Элина ("жарқын") деген ат қойылды. Жаңа қоныс тойымен отбасын Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков құттықтады.

"Сіздің үйіңізде молшылық, жайлылық, әрдайым жылылық, жарық болсын деп тілеймін", деді шаһар басшысы. Балқаш тұрғыны Дарина Қағадеева жүктілігінің бесінші айында күйеуі қайтыс болған. Үш ұлдың анасы қолдаусыз қалып, жалдап тұрған үйінің ақысын төлей алмаған. Төрт ай бойы әйелге еріктілер көмектескен.

Олар бірден қаражат жинау акциясын жариялаған болатын. Өкінішке орай, жиналған сома тұрғын үй сатып алуға жетпеді. Көпбалалы отбасы жергілікті бизнесменнің арқасында баспаналы болды. Қажетті жиһаз және тұрмыстық техника жанашыр балқаштықтардың күшімен жиналған қажатқа алынды. Жиналған ақшаның бір бөлігі жас ананың несиесін жабуға жұмсалды.

"Ванна, кір жуғыш машина, пеш, пәтердегі барлық нәрсе - жүрегі кең, жанашыр жандардың көмегінің арқасы. Әр тұрғын өз үлесін қосты. Балаға арналған төсек те - қалалықтардың сыйы. Мұнда отбасы жақсы және жайлы өмір сүреді деп үміттенеміз", дейді ерікті Анар Адамбекова.