• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Білім 26 Қазан, 2020

Екінші тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады

457 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Комиссия отырысында бірқатар шешім қабылдады.

"Мектептегі оқыту бойынша:

екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысын дәстүрлі форматқа көшіру; ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілсін", делінген хабарламада.

Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау міндетті.