Жамбыл облысында тауарлар мен жүктерді заңсыз тасымалдау фактілерінің алды алынды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
23 қазанда ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті "Қарасу" автомобиль өткізу пунктінде Қырғызстаннан Қазақстанға ілеспе құжаттарсыз 19 128 литр алкоголь өнімін әкелудің алдын алды. Аталған жүк "лимонад" салқын сусындары жалпы тауар астында шекаралық бақылаудан жасырылған.
25 қазанда Қазақстаннан Қырғызстанға 2,5-3 млн теңгеге жуық сомаға 10 262 дана (дәрілік препараттардың 44 атауы) ілеспе құжаттары жоқ дәрі-дәрмектерді шығаруға жол берілмеді. ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері тауарлар мен жүктердің әртүрлі түрлерін заңсыз әкелуге жол бермеу мақсатында өткізу пункттерінде бақылауды күшейтуге бағдарланған.