• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Кино 27 Қазан, 2020

"Барымташылар" фильмі Францияда прокатқа шығады

318 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген "Барымташылар. Уақыт жолы" фильмі Францияда прокатқа шығады, деп хабарлайды Egemen.kz киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фильм 16 желтоқсанда прокатқа шығады.

"Кинокартина Бусан, Токио, Гётеборг, Шанхай және Хельсинки кинофестивальдеріне қатысып үлгерді және жақын арада Cottobus неміс кинофестивалі мен Торонтодағы Азия киносының ХКФ конкурсында көрсетілетін болады.

Басты рөлдерде Канн кинофестивалі жүлдесінің иегері Самал Еслямова, танымал жапон актері Мирай Морияма, қазақстандық театр және кино актері Дулыға Ақмолда және жас актер Мәди Менайдаров ойнады", делінген хабарламада.