• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қазан, 2020

Шетелде жүрген қазақстандықтар ПТР анықтамасыз ұшып келе алады

355 рет
көрсетілді

ВАК 26 қазанынан бастап халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижелері туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты. Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар. 

Мұндай жағдайда ҚР-ға келгеннен кейін қазақстандықтар ПТР-тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылатын болады.

 ҚР өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстерінің ұшағына отырғызу кезінде ПТР-тест нәтижесі туралы анықтама талап етілмейді.

Соңғы жаңалықтар