Пара алды деген күдікпен ұсталған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтен оны қызметінен босатуды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz
Таубаевтың өтінішін адвокаты Игорь Вранчев Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.
"Құрметті облыс тұрғындары. Мен шешім қабылдадым, 22 қазанда Атырау облысы әкімінің атына мені әкімнің бірінші орынбасары лауазымынан босату туралы өтініш бердім.
Бұл шешім тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық іс бойынша менің кінәмді мойындаумен байланысты емес, мен кінәм жоқ екенін дәлелдеуге ниеттімін, өйткені мені айыптайтындай ештеңе жасамадым.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарына жауапты жұмыс учаскесі жүктелді, мәслихат пен Мәжіліс сайлауы өтеді, осыған байланысты мен әріптестерімнің және Атырау облысы әкімінің атына қандай да бір күдік келтіргім келмейді.
Осыған байланысты және тек осы себеппен осындай шешім қабылдадым. Таубаев Н. Б.", делінген хабарламада.