Уильям Фолкнер
Бірнеше жыл пошташы болып жұмыс істеген. Алайда жеткізілмеген хаттарды қоқыс жәшігіне тастайтыны әшкереленген соң жұмыстан қуылыпты.
* * *
Отбасын асырау үшін 15 жыл Голливудқа сценарий жазған.
* * *
1983 жылы «Авессалом, Авессалом!» атты романы «Гиннестің рекордтар кітабына» «әдебиеттегі ең ұзақ сөйлемі» үшін енген. Фолкнердің ең ұзақ сөйлемі 1288 сөзден (49 беттен) тұрады.
* * *
Уильям майдан даласына ерікті болып баруды қалапты. Бірақ бойы қысқа болғандықтан (166 см) алмаған.
Роберт Рождественский
Оның шын тегі – Паткевич. Дегенмен біз білетін тегі лақап аты емес. Роберт 13 жаста болғанда анасы Иван Рождественскиймен танысады. Кейін екеуі бас қосып, өгей әкесі болашақ ақынға өз фамилиясын беріпті. Ал Роберт деп революционер Эйхенің құрметіне қойған.
* * *
Рождественский әдеби институтқа бірден түсе алған жоқ. Оған себеп – қатты ұялғандықтан кекештеніп сөйлейтін.
* * *
Спаск мұнарасы мен Ленин мавзолейінің арасы 210 қадам болғандықтан, ақын поэмасын солай атапты.
* * *
Ақын құрметіне Рождественский астероиді аталған (5360).
Константин Паустовский
Гимназияда географияны ерекше жақсы көрді.
* * *
Марлен Дитрих Орталық әдебиетшілер үйінде жазушы алдында тізерлеп, талантын мойындапты.
* * *
Константин Паустовский есімімен 5269 нөміріндегі кішкентай планета аталған.
* * *
Қаламгердің әжесі Түркиядан болған. Және христиан дінін қабылдағанға дейін оны Фатима деп атапты.
* * *
Балыққа баруға қатты құмар болған.
* * *
Жазушы оқыған Киев гимназиясына алғаш рет ІІ Николай барыпты. Тізілген саптың сол жағында тұрған Константиннің қолын алып, аты-жөнін сұраған.
* * *
Паустовскийлер Мұхтар Әуезов отбасымен өте жақсы араласқан. Елдар дүниеге келген кезде Паустовский күміс қасық сыйлаған.
Уильям Шекспир
Шекспир ағылшын тілінің қоржынына 3200 жаңа сөз қосқан.
* * *
«Өлтіру» («убийство») сөзін де тұрмыстық қолданысқа енгізген Шекспир.
* * *
Егіз балалары болған.
* * *
Шекспир 23 сәуірде дүниеге келіп, 23 сәуірде өмірден өткен.
* * *
Шығармалары Британияда Библиядан кейінгі екінші орынды алады.
* * *
Уран планетасының барлық серіктері Шекспир кейіпкерлерінің құрметіне аталған.
Агата Кристи
4 миллиард дана кітап – Агата Кристидің детектив жанрындағы биіктігі. Бұл межені Кристиге дейін тек Библия мен Шекспир шығармалары ғана бағындырған.
* * *
Өмір бойы дисграфиямен (сөздегі әріптерді дұрыс қоя алмау) ауырған.
* * *
Кристи уларды жақсы ажырататын. Оның бұл қызығушылығы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде медбике болып жүргенде пайда болған.
* * *
1985 жылы Венера кратері Агата Кристидің есімімен аталды.
Михаил Лермонтов
Талантты суретші болған.
* * *
Әзербайжан тілін оқыпты.
* * *
Лермонтовтың құрметіне 1970 жылдардың соңында табылған кішкентай планета аталған.
Антуан де Сент-Экзюпери
Бірде Экзюпери досының үйіне түпнұсқадағы иллюстрациялар мен қолжазба салынған мыжылған конверт тастап, өзі Францияға әскери қызметке ұшып кетіпті. 140 беттен тұратын қолжазбада түрлі шимай, қысқартулар, тіпті кофенің дақтары мен темекінің іздері де бар. Экзюпери бұны қоштасу сыйлығы ретінде қалдырып, «Мен саған бұдан да ғажап дүние сыйлағым келген, бірақ менің барым осы» деп жазып кеткен. Бұл – автордың ұлы шығармасы «Кішкентай ханзада» еді.