Семейде тұрғын үйлердің бірінің ауласына жылан кіріп кеткен. Қауіптенген үй иесі бірден құтқару қызметін шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz
Көмекке шұғыл жеткен құтқару қызметі арнайы тұзақ арқылы жыланды ұстап, адамдардан алыс жатқан Түйемойнақ аралына жіберген.
Құтқару қызметі мамандарының айтуынша, үй маңайынан жылан көріп қалса, құтқару қызметіне жүгінген жөн. Сондай-ақ, құтқарушылар келгенше, қауіпсіз жерден жыланды көз ұшында ұстап тұруға кеңес береді.