Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Біріккен ұлттар ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымымен (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ), Дүниежүзілік банкпен және жергілікті серіктестермен бірлесіп мектептердің жабылуы мен ашылуы аясында әр баланың білім, денсаулық және қауіпсіздік құқықтарын ілгерілету және қорғау бойынша вебинарлар сериясын іске қосты.
Вебинарлар білім беру саласы мамандарының COVID-19 жағдайында мектеппен байланысты денсаулық сақтау шараларын жүзеге асырудағы әлеуетін арттыруға, оқу шығындарын азайтуға және балаға бағытталған инклюзивті, цифрлы және аралас оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беруге бағытталған. Вебинарлар сериясы аясында 2020 жылдың төртінші тоқсанында айына бір вебинардан өткізіледі. Ай сайын білім және денсаулық сақтау департаменттері, мектеп басшылығы мен мұғалімдер келесі тақырыптарға арналған пікірталасқа қатыса алады. Бұл – біріншіден, мектептерді қауіпсіз және жүйелі түрде біртіндеп іске қосу. Екіншіден, жетілдірілген және шокқа тұрақтырақ мектеп жүйелерін қалыптастыру. Үшіншіден, аралас оқу жағдайында инклюзивті оқуды қамтамасыз ету.
COVID-19 пандемиясы әлемдегі білім беру жүйесіне қатты әсер етті. Көптеген елдер басқа кең таралған шектеулермен қатар COVD-19 таралуының өсуіне байланысты жедел шара ретінде мектептерді жауып тастады. Мектептердің жабылуы балалардың денсаулығына, біліміне және дамуына, отбасының кірісі мен жалпы экономикаға теріс әсер етуде.
2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында Қазақстан бастауыш мектептерде офлайн оқытуды қайта бастай отырып, аралас тәсілді қолданды. ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, ДДҰ және Дүниежүзілік банк бірнеше маңызды факторларды ескере отырып, мектептерді жабу немесе қайта ашу туралы шешімді анықтайтын қауіпті бағалауға негізделген тәсілді қолдайды, мысалы: жергілікті деңгейдегі COVID-19 эпидемиясы, білім беру мекемелерінің өз жүйесін қауіпсіз жұмыс үшін жоспарлау және бейімдеу мүмкіндігі және вирустың таралуын азайту, мектептердің жабылуының білім берудегі шығындарға әсері, әділеттілік, балалардың жалпы денсаулығы мен әл-ауқаты, сондай-ақ мектептен тыс жүзеге асырылатын бірқатар басқа денсаулық сақтау шаралары.
2020-2021 оқу жылының бірінші семестрінде Қазақстан бастауыш мектептерде дербес оқытуды қайта бастай отырып, аралас тәсіл қолданды. ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, ДДҰ және Дүниежүзілік банк бірнеше маңызды факторларды ескерумен, мектептерді жабу немесе қайта ашу туралы шешімді анықтайтын қауіпті бағалауға негізделген тәсілді қолдайды. Айталық, жергілікті деңгейдегі COVID-19 эпидемиясы білім беру мекемелерінің өз жүйесін қауіпсіз жұмыс үшін жоспарлау және бейімдеу мүмкіндігі және вирустың таралуын азайту, мектептердің жабылуының білім берудегі шығындарға әсері, әділеттілік, балалардың жалпы денсаулығы мен әл-ауқаты, сондай-ақ мектептен тыс жүзеге асырылатын бірқатар басқа денсаулық сақтау шараларын қамтиды.
«Мектептердің жабылуы бүкіл әлемдегі балалардың оқу процесін бұзды. Оның шұғыл және ұзақ мерзімді салдары болды. Тиісті сападағы жалпыға қолжетімді қашықтан оқыту болмаған кезде білім берудегі теңсіздік күшейеді. Қазір барлық балалар үшін сапалы оқытуды қайта бастау және оқу шығындарын өтеу өте маңызды. Қауіпсіз жерде мектептер қайта ашылуы қажет. Сонымен қатар білім беру жүйесін қайта қарастыру, көптеген оқыту жолдарын ұсынатын және денсаулық сақтау мәселелеріне де, басқа да күйзелістерге төзімді, оқушыларға бағытталған инклюзивті білім беретін жүйені құру үшін шұғыл инвестициялар қажет», деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.
«Мектептердің ашылуы қазіргі кезде әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда сапалы білім берудің маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Көптеген адам үшін пандемияның жаңа толқынына немесе қазірдің өзінде пайда болған вирус таралуының артуына байланысты мұны қалай шешу керектігі әлі түсініксіз. Бірақ бүкіл әлемдегі көптеген балалар үшін оқушыларға бағытталған аралас оқыту мүмкіндіктері сапалы білім алудың бірден-бір кепілі болып отыр. Бұл вебинарлар мүдделі тараптарға әлем бойынша осыған байланысты негізделген шешімдер қабылдау үшін негізгі ұсыныстар мен сабақтарды зерттеуге көмектеседі деп үміттенеміз», деді ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы өкілі Криста Пиккат.
Кез келген қажеттіліктері бар барлық балалар үшін қолжетімді инклюзивті білім жүйесін құру білім беру жүйесін жоспарлаудың негізінде тұруы қажет. Қазақстанда онлайн-оқыту үшін 10-нан астам онлайн оқыту платформасы құрылды. Бірақ оқу материалдары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімдеуді қажет етеді. Сандық оқу мазмұнын жасаудан гөрі, оны жеке оқушылардың нақты қажеттіліктеріне бейімдеудің шұғыл қажеттілігі бар.
Вебинарлар барысында ұйымдастырушылар балаға бағытталған аралас оқыту тұжырымдамасын және оқу платформалары мен құрылғыларын балалардың қажеттіліктеріне бейімдеудің қолданыстағы шешімдерін ұсынады.
«Мектептердің жабылуының нәтижесінде әлем базалық білім беруге мемлекеттік инвестициялардың 16%-на дейін жоғалтуы мүмкін. Түзету шараларынсыз біз 2030 жылға қарай нашар оқитындардың үлесін 50%-ға қысқарту жөніндегі мақсатқа қол жеткізуде едәуір сәтсіздікке ұшыраймыз. Осылайша, «вируспен өмір сүру» ойлау тәсілін қабылдау, саясатты өзгеріп жатқан жағдайларға сәйкес түзету және мектептердің жұмысын біртіндеп қайта бастауға арналған құралдардың бір бөлігі ретінде қашықтан оқыту сапасын жақсартуды жалғастыру өте маңызды», деді Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы адами даму бағдарламаларының жетекшісі Сусанна Хайрапетян.
«Мектептің жабылуы балаларға білімі жағынан да, психикалық денсаулығы мен әлеуметтік дамуы жағынан да кері әсерін тигізуде. Балалар – күтімге лайық және аурудың өршуі олардың өмірін бұзатын кезеңдерде ерекше назар аударуды қажет етеді. Олардың білімге ең қолайлы жағдайда қол жеткізуіне мүмкіндік беретін нұсқаларды қарастырайық», дейді ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің денсаулық сақтау саласындағы аға кеңесшісі, доктор Омар Салех.