• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Кино 29 Қазан, 2020

Алматыда кинотеатр билеттері қымбаттады

411 рет
көрсетілді

Алматыда кинотеатр билеттерінің бағасы 30 пайызға дейін өскен, деп хабарлайды Egemen.kz Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

"Кинотеатр билеттерінің бағасы қымбаттауы әбден мүмкін еді. Орташа алғанда, олардың құны 20-30 пайызға өсті. Егер бұрын кешкі сеанс 2400 болған болса, қазір ол 600 теңгеге қымбат. Кәсіпкерлерді түсінуге болады. Төтенше жағдай режимі олардың бизнесіне кері әсер етті, ал әзірге аншлаг жасауға тыйым салынады", - деді Әуезов ауданы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Салтанат Бөпежанова.

Белгілі болғандай, әзірше прокатта көптеген отандық фильм бар. Шетелдік кинолар прокатқа 29 қазаннан бастап шығады.

Әкімдіктегілердің айтуынша, кинотеатрларда барлық қауіпсіздік ережесі сақталған. Кіреберісте барлығының дене қызуы өлшенеді, дезинфекциялық кілемшелер төселген. Әр залда санитайзерлер орнатылған, барлық қызметкер қорғаныс құралдарымен жұмыс істейді.