Банк жүйесіндегі депозиттер биылғы қыркүйек айының соңында 21,4 триллион теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу мәселесі бойынша сенаттың жалпы отырысында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Биылғы қыркүйектің соңында банк жүйесіндегі депозиттер жыл басынан бері 12,4 пайызға ұлғайып, 21,4 трлн теңгені құрады. Теңгемен салымдар 12,6 трлн теңгеге дейін 16,7 пайызға, валюталық салымдар – 8,7 трлн теңгеге дейін 6,6 пайызға өсті", - деді А. Баймағамбетов,
Оның айтуынша, теңгемен активтерді қорғау бойынша жедел шаралардың нәтижесінде депозиттерді долларландыру 2020 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 40,9 пайызға дейін (2020 жылғы наурызда 46,7%) төмендеді.