Қатысушылардың өтініштері бойынша өтінім қабылдау мерзімі 2020 жылғы 5 қараша сағат 18:00-ге дейін ұзартылды.
Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:
- жұмыстар 2019 жылғы 1 қаңтар мен 1 қараша аралығында жариялануы тиіс;
- жұмыстар баспа басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс.
"Үркер - 2020" ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі онлайн форматта 13 қарашада өтеді.
"Үркер - 2020" 11 номинация бойынша марапатталады:
Жылдың үздік фотосуреті; Жылдың үздік репортажы; Жылдың үздік аналитикалық материалы; Жылдың үздік журналистік зерттеуі; Жылдың үздік сұхбаты; Жылдың үздік танымдық материалы; Радиостанциядағы үздік жоба; Жылдың үздік жаңалықтар порталы; Жылдың үздік газеті; Жылдың үздік журналы; Шерхан Мұртаза атындағы номинация.